19.07.2021, 9:35
Қараулар: 64
Футбол сыны Переметный жігіттерінің жеңісімен аяқталды

Футбол сыны Переметный жігіттерінің жеңісімен аяқталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген аудан спартакиадасының шығын футбол жарысы өз мәресіне жетті. Аудан орталығында оздырылған спартакиада финалында аумақтық іріктеу жарыстарында жеңімпаз атанған 8 команда бақ сынады.

Тартысты аяқдоп додасын тамашалай келген көрермен де көп болды. Әсіресе алаң иелері переметныйлық жігіттердің тілеуін тілей келген жанкүйер қиқуы ойыншылардың жігеріне жігер қосты. Күн райының ыстығы да футбол мерекесінің сәнін бұзбады.

Эмоцияға толы, әрі қызықты ойында нәтижесінеде үшінші орын Трекин ауылдық округінің командасына бұйырса, финалдық ойында кездескен Переметный мен Мичурин ауылдарының футболшыларфы арасындағы бәсеке переметныйлық жігіттердің пайдасына шешілді.

Бұдан бөлек командасын алға сүйреп, үздік ойын өрнегені көрсеткен Салим Нур «үздік қақпашы», Назарбек Жанабилов «Үздік шабуылшы», Жарас Нұрғалиев «Үздік қорғаушы» атанса, Ақылбек турагалиев жарыситың «Үздік ойыншысы» аталымын қанжығалады.

Енді үздік ойыншылардан құралдан аудан құрамасы Теректі ауданы Федоровка ауылында өтетін жарыстың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайтын болады.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы