27.05.2021, 9:19
Қараулар: 21
Чувашиндегі доп дода

Чувашиндегі доп дода

Бәйтерек ауданына қарасты Чувашка ауылында жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында аудан командалары арасында шағын футболдан жолдастық турнир оздырылды.

Чувашиндік жастардың бастамасымен ұйымдастырылған доп додасына Дариян, Переметное, Рубежка, Желаев, Трекин, Достық, Новенький, Жалын, Погодаев, алаң иелері Чувашка ауылының және Орал қаласының Qyzmet Ligasy Ycco қатысушылары шақырылды.

Қызықты ойындар қорытындысында Новенький ауылының командасы үшінші, дарияндықтар екінші орынға ие болса, Чувашка футболшылары турнир жеңімпазы атанды.

Бәсекеге толы дода соңында үздік өнер көрсеткен, Чувашка командасының ойыншысы Мирлан Жауырбек «Үздік қақпашы», Серікқали Шудабай «Үздік қорғаушы», Новенький командасын алға сүйреген Әділет Сабырай «Үздік сұрмерген», Дариян командасының намысын қорғаған Тимур Мухамедияров «Үздік шабуылшы» аталымдарымен марапатталса, Чувашка құрамасының жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан Қанат Сапаров турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы