16.06.2021, 9:35
Қараулар: 31
Іріктеу жарыстары басталды

Іріктеу жарыстары басталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған Бәйтерек ауданының VІІІ халық спорты ойындарының іріктеу турнирлері басталды.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне берілер жолдаманы алғаш болып футболшылар сарапқа салуда. Аудан орталығы Переметныйда өткен аяқдопшылардың бәсекесі қызыққа толы болды. Тартысты ойындардың қорытындысына переметныйлық футболшылар жолдаманы қанжығасына басты.

Енді қалған округтер арасындағы ойындар бастау алады. Футболдан бөлек, волейбол, стритбол және басқа да командалық спорт түрлері бойынша жарыстар оздырылмақ.

-Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған іріктеу бәсекелері бірнеше округте өтеді. Ал үздік шыққан төрт ұжым финалдық кезеңде өзара мықтыны анықтайды,-дейді «Бәйтерек» спорт клубының директоры Максим Үмбетқалиев.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы