16.08.2021, 16:40
Қараулар: 35
Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ресей Федерациясы Уфа қаласында греплингтен жастар мен жасөспірімдер арасында греплингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталмыш жарысқа еліміздің спортшылары да аттанды.

Әлемнің үздік жас греплинг шеберлері бәсекесінде өнер көрсеткен бәйтеректік Нұрболат Бахибаев жақсы нәтиже көрсетті. 50 келіде бақ сынаған Нұрболат әлем қола жүлдегер атанды.

Володар ауылында жаттығатын Нұрболат үшін бұл үлкен жетістік.

-Шәкіртім барлық белдесуін жақсы өткізді. Алтын үшін де айқасуға болар еді. Сәттілік жетіспеді. Десе де қола медальды қоржынға салдық. Алдағы уақытта жаттығуымызды күшейтін басқа да ірі жарыстарда жүлде салуға тырысамыз,-дейді Нұрболат палуанның бапкері Аманбек Қошанов.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы